Түркияда жол апатынан қаза тапқан атыраулық журналист Арайлым Бақытжанның күйеуі жансақтау бөлімінде көз жұмды. |
Қаралы хабарды 2023 жылғы 7 қыркүйекте Zakon.kz тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жеткізген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы .
Ведомствоның мәліметінше, ер адам кеше, 6 қыркүйекте жансақтау бөлімінде қайтыс болған.
"Ұлын туыстары алып кетті, ол қазір Қазақстанда. Қайтыс болған үш адамның денесі бүгін (7 қыркүйек) Қазақстанға жіберіледі".Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
2023 жылғы 3 қыркүйек күні Аланияда адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан қазақстандық әйел мен оның қызы қаза тапқан еді.