Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленді

Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге жәрдемақы төленді

Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпарат бойынша, кәсіпкерлердің мүлік шығындарын өтеу үшін үкімет резервінен 12,1 млрд теңге сомасында қаражат бөлінген. "2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ШОК субъектілерінен 15 млрд теңге сомасына 764 өтінім келіп түскен.

Шамамен 12 млрд теңге сомаға 630 өтінім бойынша оң шешім қабылданды, оның ішінде 10,1 млрд теңгеден астам сомаға 615 өтінім (өтінімдердің жалпы санының 80,4 пайызы) бойынша төлемдер толық көлемде жүргізілді", — делінген хабарламада. 30 өтінім бойынша өтемақы төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданған.

Ведомство өкілдері қалған зардап шеккен объектілер бойынша бағалау және сметалық жұмыстар жалғасып жатқанын, олар аяқталғаннан кейін өтінімдер Өңірлік комиссиялардың қарауына шығарылатынын атап өтті.

"Өтінімдердің басым бөлігі Атырау (423 өтінім) және Солтүстік Қазақстан (107 өтінім) облыстарынан келіп түсті. Батыс Қазақстан облысынан 87 өтінім, Қостанай облысынан 68 өтінім, Ақтөбе облысынан 51 өтінім, сондай-ақ Ақмола облысынан 28 өтінім келіп түскен", — делінген хабарламада.

Сурет : azh.kz



Новости