"Астана — Что? Где? Когда?" Telegram-арнасының хабарлауынша, қала маңындағы барлық бағыттардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Көктайғаққа байланысты келесі бағыттар уақытша жабылды:
- Астана-Щучинск тас жолы;
- Астана-Қорғалжын тас жолы;
- Астана-Паводар тас жолы;
- Астана-Астраханка тас жолы.
Сондай-ақ, көлік ағындары мен қоғамдық көліктердің жылдамдығы төмендейді. Автобус бағыттарында кідіріс орын алып, кей жерлерде қоғамдық көлікке қатынау қиынға соғады.
Сонымен қатар, елордадағы бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтықтан оқыту форматына көшуде.
Осыған дейін Астана қалалық полиция департаменті елорда тұрғындарына күтілетін қар жауып, көру мүмкіндігінің нашарлауына және көктайғаққа байланысты үндеу айтқан болатын.
Сондай-ақ, 5 желтоқсанда Астанада және еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды.
Сурет: Zakon.kz