Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин дінді қараңғылыққа теңеп, қазақ халқын әсіре діншілдіктен арылуға шақырды. |
17 жыл бойы елден жырақ өмір сүріп жатқан жазушы бұл туралы Halyq uni You Tube арнасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Дін деген — апиын. Апиын аз ғана қолданса ем, көп қолданса ауру. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары, қайраткерлері дінге қарсы күресті. Дін деген — қараңғылық, әсіре діншілдік түккен керегі жоқ. Мәдениетке дін емес, ғылым-білім, мешіт емес, мектеп жеткізеді. Бізге арабтың не керегі бар? Оның бәрі табиғатымызға жат нәрсе. Көп қайраткерлер салафизм мен бахабизмге қарсы көп хат жазды. Жалпы діншілдікті азайту керек. Қазақ діннен арылу керек, зиялылыққа, зайырлы мемлекеттік санаға санаға жету керек. Әсіресе, балаларды ұзып бара жатыр. Дін қазаққа қайшы боп шықты. Бұл діндарлар қазақы салт-дәстүрге, киімге қарсы. Содан соң қазақтың тілін бүлдірді, ең аяғы бейіт тұрғызуға қарсы. Келін сәлем бермеу керек дейді. Мұның бәрі қазаққа қарсы, құртатын нәрсе. Сондықтан біразына заң жүзінде шара қолдану керек. Салафиттердің насихаты үкіметке қарсы болмау керек деген болды. Қалай болғанда да біз алдымен қазақ болуымыз керек", — дейді жазушы.
Мұхтар Мағауин өзінің шығармаларын жиі сынайтын Мұхтар Шаханов туралы да өз ойын жасырмады.
"Неше түрлі нәрсе айтылады, оның бәріне мән бере берсең болмайды. Шахановтан шыққан әңгіме, ол соншалықты өзін құдыретті деп есептеп, Шыңғыс ханды теріске шығарғысы келді. Мен жәй ғана "Шыңғыс ханның шарапаты" деген мақала жаздым. Шахановтың атын атағам жоқ. Содан кейін мені тапап тастайын деп жақтастарымен жаппай жорық бастады. Сосын қарсы сөйлеуге тура келді. Ол — мүлде елеуге болмайтын адам, суайт қой, өтірікші. Мен оны "Қырық өтірікші озған тазша баладан, сексен өтірік сақалсыз суайт" , — деп жаздым. Бірақ енді жағаласып қоймағаннан кейін айтуға тура келеді. Айтатын өтіріктері керемет қой, мен Жапонияға барғанда менің өлеңдерімді жапон тілінде айтып қарсы алды дейді. Содан кейін мен мазақ қылып жаздым, мен Америкаға келіп түскенде Обама мені кездесуге арнайы шақырып, ақ үйге бара жатсам, ақ үйдің алдында бір топ қарасы бар, ағы бар американ жастары Шахановтың өлеңдерін ағылшынша айтып күтіп тұр екен, деп жаздым. Шаханов туралы әңгіме айтып керегі жоқ", — дейді Мұхтар Мағауин.