Қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, әскери қызметші ойын мекемесіне барудан тартынуға тиіс.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыcына толықтыру енгізілді.
Дәл осындай түзету мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексіне енгізіледі.
Жарлық 2023 жылғы 17 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сурет: pexels