Белгілі тележүргізуші Әйгерім Сейфолла желіде балаларды жұбатып, олардың тілін тапқан балалар бапкері Мұхит Амантаевтан сұхбат алды. |
Сұхбат барысында, бапкер әйелін «күңше» жұмсайтынын айтып, елден оңбай сөз естіді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Мұхит Амантаев әйелінің ештеңемен айналыспайтынын, тек өзі мен балаларына күтім жасайтынын айтты.
«Үйдің берекесі, шаңырағының бақыты әйел адамға байланысты ғой... Аллаға шүкір, үйге барғанда өзімді бақытты сезінемін, өйткені әйелім үйде мені қалай күтеді. Кіргенде жүгіріп келіп, аяғымды, кимімді шешеді, қолымнан, бетімнен сүйеді. Ыстық суым дайын, тұзды салып жібереді. Азаннан кешке дейін сыртта жүресің, суық өтеді, суық шықсын деп. Тамағым дайын Аллаға шүкір, қайда барасың, не істеп жатырсың деп сұрамайды. Миым тыныш, жатамын, массаж жасайды аяқ-қолыма. Күніге», — дейді бапкер.
Тележүргізушінің «Ал сіз ол кіші үшін не істейсіз?» деген сауалына бапкер: «Ол кісі үшін бәрін жасаймын. Ол кісінің қарны тоқ, сұрағанын алып беремін. Жұмыс істемейді, бала-шағаға қарайды, жұмысы сол оның. Кәсібі жоқ оның, оның кәсібі де, жұмысы да менмін, бала-шаға. Оның қалайтын нәрсесі тек мен және балалар», — дейді ол.