«Бір күн отырып ішіп көрші»: Әйелдерге күйеулерімен бірге ішімдік ішуге кеңес берген танымал коуч ұятқа қалды

Белгілі коуч, психолог Ұлан Сқақов әйелдерге ақыл айтамын деп, көптің сынына қалды.

Ол әйелдерге күйеуімен ішімдік ішуге кеңес берген, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ойын желідегі парақшасында ашып айтқан.

"Бірінші күйеуің алқаш болды ма? Екінші күйеуің де дәл солай болады.Тіпті Қазақстандағы ең мықты имамға тұрмысқа шықсаң да. Ол да ішіп кетуі әбден мүмкін. Бір сәтке ойланып көрдіңіздер ме? "Менің күйеуім неге ішіп жүр?" деп. Ер адам сырласатын жан таппағанда бөтелкемен дос болады. Егер күйеуіңнің бар сырын білгің келсе, бір күн қасында отырып ішіп, сырласып көрші. Мас адам ешқашан өтірік айтпайды", — дейді Ұлан Сқақов.

Көпшілік коучтың бұл сөзімен келіспеген. Олар: «Осылар не ішіп ақылды болады?», «Бір күн отырып ішіп көр дегені қалай кетті?», «

Тіпті кей әйелдер "Күйеуіміз ішсе де біз кінәліміз бе? Қосылып ішкіш болып, тең болыңдар дейсіз бе?", «Күйеу алқаш болса да, әйел кінәлі болды ма?» деп жазды олар.


Новости