Жамбыл облысында мәлихат депутатының күйеуі 11 жастағы мектеп оқушысын жүкті қылды деген күдікке ілінді. |
Ер адам бойжеткенге қымбат сыйлықтар да әперген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Қоғамды дүр сілкіндірген жайт туралы облыстық білім басқармасы да тіс жармаған.
Оқушының анасының айтуынша, ол болған жағдайды естігенде қатты таң қалған. Айтуынша 55 жастағы күдікті қызына ойына келгенін істеген. Ол оған қымбат, бағалы телефон сыйлаған, сөйтіп қыз бала одан жүкті болып қалған. Алайда ер адам істі жауып, жазадан сытылып кетемін деп ойлаған. Қыздың анасының сөзінше, ол тіпті, болған оқиға жайлы біреуге тіс жаратын болсаң, оны өлтіремін деп те қорқытқан.
"Оның таныстары көп. Әйелі депутат. Маған қызымның аяғы ауыр екенін тек жаңа жылдың алдында айтты. Ол кезде оның мерзімі шамамен алты айдай болды", − дейді қыздың анасы.
Сонымен бірге, ол мектеп басшылығы болған оқиғаны жасырып қалғысы келгенін жеткізді. Сөзінше оқиға осыдан бір жыл бұрын интернат қабырғасында болған. Ол кезде қыз баланы Жаңатастан Қаратауға апарған, ал оның түсік тастатқаны жайлы анасына кеш хабар берген.
«Маған түсік тастататыны туралы хабарлады. Олар дәрі беріп, түсік тастатқан. Қызым тек түнде ғана оған түсік жасатқаны туралы айтты", — дейді қыздың анасы.
Түсік тастату туралы факт тіпті құзырлы мекемелерде тіркелмеген. Анасының ойынша түсікті жекеменшік гинекологтардың бірі жасауы әбден мүмкін. ⠀
Жамбыл облысы Сарысу ауданы білім басқармасының басшысы Ілияс Баймағамбетов аталған оқиға бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеген. Ол бітпейінше, оқиға жайлы ақпарат беру әлі ерте, дейді білім басқармасы өкілі.
Күдікті мемлекеттік балабақшалардың бірінде күзет қызметінде істегені туралы ақпарат бар. Сонымен бірге, полиция білім басқармасы қызметкерлерінің үстінен істі жаппақ болғаны үшін, іс қозғаған.
Ондағылар бойжеткеннің 2022 жылы жүкті болғанын айтып отыр.
«Жүктілік жайлы факт мектеп басшылығымен жасырынып қалған. Тиісті органдарға хабар берместен, түсік тастатылған. Күдікті қамауға алынды, қазір істі сот қарап жатыр", — дейді өңірлік полиция басқармасы өкілдері.