"Пікірімді сұраған ешкім жоқ": Ерке Есмахан баласына есім қоюға қатысты қызықты оқиғасымен бөлісті

Әнші болашақ сәбиінің есімін ата-енесі мен күйеуі қоятынын айтты.

Бұл туралы ол желідегі оқырмандарымен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Ол шіркінайдың есімін мен қоймайтыным анық. Ата-әжесінің бірінші немересі, әкесі де отыр жүрегі алып ұшып. Шын айтайын, мені елеп, пікірімді сұрап жатқан ешкім жоқ", — дейді Ерке Есмахан.

Сондай-ақ жүктіліктің жеңіл өтіп жатқандығын да айтып, ағынан жарылды.

"Токсикоз, ми ашу, қиналыс болмады еш шүкір. Осы кезге дейін ештеме сезбей бәрі жеңіл өтіп кетті. Тек осы тоғызыншы ай дәрігерлер тынышталыңыз үйде отырыңыз деген соң отырмын амал жоқ", — деген.


Новости