"Күн райы күрт бұзылады". Еліміз бойынша 22 тамызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер бейсенбі, 2024 жылдың 22 тамызына арналған ауа райы болжамымен бөлісті.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республикамыздың батысында , оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Солтүстік-батыс циклонының ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады: найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел тұрады, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, шығыста, еліміздің орталығында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Республикамыз бойынша ортақ тән табиғи құбылыс — желдің екпін алуы. Сондай-ақ еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман болады деп болжанады. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады", деп нақтылайды синоптиктер.

Сондай-ақ, Атырау, Абай облыстары, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, Маңғыстау өңірінің батысында, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары болады.

"Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы өңірінің батысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Атырау өңірінің орталығында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды өңірінің оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады", деп толықтырады "Қазгидромет" РМК.

Бұған дейін синоптиктер күздің суық күндері жақындап қалғанын хабарлаған болатын.

Сурет: unsplash



Новости