Қазақстанда сұйытылған газдың шекара асуына шектеу ұзартылды

Бұйрық 2024 жылғы 14 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Құжатта былай делінген:

  • Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль және темір жол көлігімен сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, мыналарды қоспағанда:
  • өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не Салық Кодексінің 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалану келісімшарты шеңберінде өндірісті жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылар әкетуді;
  • ҚР халықаралық шарттары негізінде Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан өндірілген (қайта өңделген) тауарларды әкету;
  • ҚР шегінен тыс басталатын және аяқталатын тасымалданатын транзиттік тасымалдар.

Бұл шектеу Қазақстанның ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.



Новости