Алматыда туған ағасы інісінің үйінің құжаттарын қолдан жасап, баспананы көңілдесіне сыйлап жіберген


Алматыда туған інісінің атынан заңсыз құжат жасатып, үйді көңілдесіне сыйлап жіберген азаматқа қатысты сот отырысы өтті.

Бұл туралы адвокат Тілеужан Кішкенебаев YouTube желісіндегі арнасына айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бостандық ауданының қылмыстық істер жөніндегі соттан шықтық. Сот өз үкімін жариялады. Яғни, біздің сенім білдіруші Рахман Шалқардың арызы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша өзінің туған ағасы Ержан Шалқарға қатысты сот 6 жыл, 6 айға бас бостандығынан айыру жөнінде жаза тағайындады. Естеріңізде болса, Ержан Шалқар өзінің туған інісінің үйін өзінің атына жалған құжаттар жасау арқылы көңілдесінің атына аударып жіберген болатын. Інісі үйсіз, күйсіз далада қалған еді. Қазіргі таңда сот 6 жыл, 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Біз алдағы уақытта азаматтық тәртіппен Шекер Ақсарайдың атына өтіп кеткен үйді қайтару бойынша мәселені көтереміз. Біз Шекер Ақсарайға қатысты бөлек қаулы сұрағанбыз. Бірақ, сот өзінің "қылмыстық істің шегіне шыға алмаймын" деп оған бөлек шағымдану керектігін түсіндірді. Біз бұл үкіммен толығымен келісеміз", — деді адвокат Тілеужан Кішкенебаев.


Новости