"Қазақты нокаут қылмадың": Өзбек жанкүйерлері Баходир Джалоловқа ренжулі

5 қазан күні Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында ауыр салмақта отандасымыз Қамшыбек Қоңқабаев бен өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов жұдырықтасқан еді.

Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласына есе жіберіп, Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Баходир Джалолов Өзбекстан қоржынына алтын әкелсе де, спортшының жанкүйерлері Қамшыбек Қоңқабаевты нокаутқа жібермегеніне өз реніштерін білдіруде.

"Қамшыбек мықты жауынгер болғанымен, Баходирға қарсы әлсіз", "Баходир қазіргі уақыттағы формадағы ең мықты боксшы", "Қамшыбекті нокаут қылуың керек еді", "Боходир соңғы екі раундта шаршап қалды", "Мұндай видеоларды қайта-қайта көрсетіп қазақтар ұқсап мақтанудың керегі жоқ", «Қамшыбектің тірі қалғанына рақмет айтыңдар», — деп жазды Баходир Джалоловтың жанкүйерлері.

Еске сала кетейік, Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевтың қоржынында Париж олимпиадасының жолдамасы бар.



Новости