Азия ойындары - 2023: тағы екі жерлесіміз жүлделі болды

Қазақстан қоржынына түскен қола жүлденің саны 24 медальге жетті. Бұдан бөлек, үш алтын мен бес күміс жүлдеміз бар.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында тағы екі қазақстандық қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тимофей Емельянов — Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Отандасымыз байдаркада және каноэде есу бойынша MC1 1000 м бағдарламасында 3-ші орын алды.

Сонымен қатар Тубаев Кирилл — Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Ол да байдаркада және каноэде есу бойынша МК1 1000 м дисциплинасында 3-ші орын алды.

Айта кетері, Қазақстан қоржынына түскен қола жүлденің саны 24 медальге жетті. Бұдан бөлек, үш алтын мен бес күміс жүлдеміз бар.

Новости