«Үмітімізді үзген едік»: Алтынай Жорабаева сүйінші жаңалығымен бөлісті

Белгілі әнші, эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева сүйінші жаңалығымен бөлісті.

Әнші жақын арада тағы да ана атанатынын жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы жаңалығымен әнші өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«Алланың қалауымен, Сіздердің ақ тілектеріңізбен, әке-анам, ата-енем, бауырларым, қыздарым мен Алишер екеуіміздің дұғамызбен, Алишер екеумізге Алла Тағалам сәби сүюді нәсіп еткелі жатыр екен. Алишердің төбесі көкке бір елі ғана жетпей қалды, қуанғаннан.
Негізі, 3 жылдай қатты үміттенген едік... Содан былтырдан бері үмітімізді үзген едік.

Себебі, жас та келіп қалды дегендей… Мені қоя берші, Алишерді қатты уайымдадым, Алла бір бала берсе екен деп. Сонда Алишер: Жаным-ау , уайымдама , бәрі Алланың қалауымен болады. Мен ертең Алланың алдына барғанда, “Неге балаң болмады“ деп сұралмаймын.

Мен қыздарға қандай әке болғаным үшін, саған қандай жар болғаным үшін сұраламын. Сондықтан, Алла бізден жақсы біледі, ненің бізге хайырлы екенін, деген соң мен де кішкене уайымым басылды. Шынында да Алланың өз есебі баре кен ғой. Аллама сансыз шүкірлер.
Айтпақшы, бәрібір мен пендешілікпен ұл болса деп қоямын. Ал ұл бола ма, қыз бола ма, маған бәрібір, ең бастысы сендей жаннан перзент сүйсем, бақыттымын деді. Ал, ақ тілектеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын», — деп жазды ол.

Көпшілік әншіге жылы лебіздерін білдіріп, «сәбиін аман-есен босанып алуын» тілеген.

Новости